Бизнес және экономика

“Альянс Банктан” жағымды жаңалық



 «Альянс Банк»  жаздың басында клиенттерге 15 пайыз жылдық өсіммен кепілсіз несие берген болатын. Енді қаржы институтының басшылығы  қосымша жеңілдіктер қарастырып отыр.

 

Вадим Никулин, «Альянс Банк» АҚ Петропавл филиалы директорының бөлшек бизнес бойынша орынбасары:

-Тамыздың ортасынан қыркүйектің ортасына дейін бізде акция жүргізіледі. Кез-келген адам  ең төменгі ставка 14 пайыздық өсіммен жедел несие ресімдей алады.

 

Банк клиенттерінің айтуларынша бұл балалардың оқуына, пәтер жөндеуге немесе демалып қайтуға арзан несие алуға қолайлы мүмкіндік беріп отыр.

Игнатий Лосев, банк клиенті:

-Мен кредит алуға келген едім, ставкалардың төмендетілгенін естіп қуанып қалдым. Біз отбасымызға автомобиль алғымыз келеді.

 

Айта кету керек, жедел несиеге алдын-ала  тапсырысты банкке келмей-ақ ресімдеуге болады. Ол үшін  ұялы байланыс бойынша кез-келген оператордан  7575 нөміріне  тегін телефон шалу жеткілікті.  Бұл қызмет тегін.

Вадим Никулин, «Альянс Банк» АҚ Петропавл филиалы директорының бөлшек бизнес бойынша орынбасары:

 – Кепілсіз жедел несие 42 айға дейінгі мерзімге беріледі.  1,5 млн теңгеге дейін алуға болады. Несие аз уақытта ресімделеді.

Клиенттерге барынша қолайлы жағдай жасау үшін тағы бір қызмет түрі енгізілген. Бұдан былай несиеге тапсырысты «Альянс Банктың» кез-келген банкоматынан да тәулік бойы беруге болады. Тапсырыс қаралғаннан кейін клиент бірден қажетті құжаттарымен банкке келіп, ақшасын алады.