Әр түрлі

Курсанттар мерекеге әзірленуде

 

 

Суыққа да, нөсерге де қарамай курсанттар Қазақстан Конституциясы күніне арналған салтанатты шеруге дайындалуда. Бұл соңғы әзірлік. Өйткені қимылдарында шағын ғана ағаттық жіберсе, көпшілік алдында оны түзеуге мүмкіндігі болмайды. Ауыр жүкті арқалаған жігіттер командирлерінің әмірін жаттап алған. Дәстүрлі шеруге биыл өзгерістер енгізіліпті

Болат Смағұлов,  ҚР ІІМ ІӘ Әскери институты бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы:
– Өткен жылғы әскери шеруден айырмашылығы – биыл біз адам санын қысқартып, оның орнына әскери техниканы қосып отырмыз.

Институт басшысымен бірге 2-курстың үздік курсанттары Астана қаласында өтетін салтанатты шеруге қатысады. Ал әскери өмірге жаңадан қадам басып, жақсы жағынан көзге түскендер қала тұрғындары алдында мүмкіндіктерін көрсетуге әзірленіп, сап түзіп жүр. Болашақ офицерлер алдағы мерекеге үлкен жауапкершілік танытып отыр

Азамат Сейітов, ҚР ІІМ ІӘ Әскери институтының курсанты:
– Әскери шеруге дайындық өте қатты, қызу болып жатыр. Осы әскери шеруге 3-оқу батальоны, 1-курс курсанттары дайындалып жатыр.Күнделікті жеке берілетін уақытта дайындалып, қатты дайындықпен өтіп жатыр.

Петропавл әскери құрылымының салтанатты шеруде сап түзіп жүруі – мерекенің басты көркі болмақ.

Айдана Демесінова