Әр түрлі

Жаңа монета шықты

 

Еліміздің Ұлттық банкі тамыз айынан бастап «Банкноттардағы портреттер» монеталар сериясын шығара бастады. Төл теңгеге басылған қазақтың ұлы ойшылдары мен ғалымдарының, ақындарының суреттері енді естелік монеталардан көрініс тапты.

Ескендір Сүлейменов, Қазақстан Ұлттық банкі СҚОФ маманы:

– «Әл- Фараби» 1993 жылы бір теңгелікте бейнеленген. Алтыннан жасалған, 999 сапалы, 7,78 грамм салмағы бар. Бүгінгі бағасы 71 700 теңге.

Ал еліміздің Ұлттық банкі шығарған монеталарға деген сұраныс әдеттегідей жоғары. Көрші елдердің нумизматтары да қазақстандық теңгеге әуес.

Ескендір Сүлейменов, Қазақстан Ұлттық банкі СҚОФ маманы:

-Естелік монеталар Қазақстаннан басқа да елдерде аса құнды. Ресей Федерациясының нумизматтары алады. Инвестициялық монеталардың бағасы Лондондағы биржадағы алтын бағасымен, доллардың сатылу бағасымен есептеледі.

Мәселен, инвестициялық монеталардың бағасы кей уақта ай санап емес, күн сайын өсуі мүмкін. Мысал үшін,  2002 жылы саудаға шығарылған 1 унция, яғни салмағы 31,1 грамдық құны 400 АҚШ доллары болған инвестициялық монетаның бағасы бүгінде 1900 долларға жетіпті. Тіпті күніне бір монетаның бағасы 2-4 мың теңгеге дейін өсуі де мүмкін екен. Ал Ұлттық банк филиалы «Қазақстан халықтарының ертегілері» сериясы бойынша «Алдар Көсе» естелік монетасының келуін күтіп отыр.

Әсем Рахметова