Қоғам

Ата Заңды жүрекпен оқу керек

 

 

 

Конституция – мемлекетіміздің тірегі, тәуелсіздігіміздің алтын қазығы. Ата заңымызды бірауыздан қабылдай отырып, Қазақстан халқы өзінің егемендік құқығын іске асырды. Сөйтіп, ол біздің саяси, әлеуметтік экономикалық, мәдени және рухани дамуымыздың қайнар көзі ретінде танылады. Бірақ, өкінішке қарай, бүгінгі күні барлық азматтар маңызды құжатта не жазылғанын жете біле бермейді.

Гүлбахша Мұсабаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ кафедра доценті:
– Қазіргі уақытта көпшілік өз құқықтарын тани бастады, бостандықтарын да біледі. Бірақ онымен қатар міндеттерін ұмытып кетеді. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде құқықтар мен бостандықтармен бірге Конституциялық міндеттер деген не, оны қалай орындау керек осы жайында мәселе көтеріледі. Қазіргі уақытта көпшілік Ата заңды жалпы біледі, бірақ оның екінші ерекше бөлімін әр азамат жүрекпен оқып шығуы керек.

Құқықтық мәдениеттің ақсап тұрғанын кездесуге келген ұстаздар да мойындап отыр. Сондықтан негізгі заңды бала жастан оқытып, Конституцияға деген құрметті мектептен бастап ұялатқан жөн-ақ.
Қолданыстағы Конституция уақыт талабына толық жауап береді деген пікірде кездесуге жиылғандар. Құқықтық жүйе құрылып, экономиканың іргетасы қаланды, адам бостандығы мен құқығының сақталуы қамтамасыз етілген. Және ең бастысы, тәуелсіз елімізде  тұрақтылық пен келісім орнаған.

Айымгүл Әбілева