Балалар

Әскери-патриоттық жиын

Жыл сайын ұйымдастырылатын үш күндік дода осы жолы облыс аудандарынан жүз елуден астам жасөспірімді жиды. Болашақ сарбаздар төрт топқа бөлініп, үш күн бойы өзара сайысатын болады.

Махаббат Исімбетова, СҚО әлеуметтік жастар қорының басшысы:
– Басты мақсаты – жастар арасында әскери-отаншылдық  қасиеттерді насихаттау. Ұйымдастырушы жастар қоғамы, әлеуметтік жобалар.

Әскери өмір мен құтқару жұмысының қыр-сырын үйренгісі келетін жастар көп екен. Олар оңтайлы сәтті пайдаланып, кәсіби мамандардан өрт сөндіру, суда құттқару және жекпе-жек айқастағы амал-тәсілдерді менгеруде. Оқушылар суда құтқару киімдерін киіп, құралдарын да асынып көрді.

 

Виктор Держанский, ҚР ТЖМ СҚО ТЖД суда құтқару қызметкері:
– Әскери-патриоттық жиын барысында балаларға су жағасында өздерін қалай ұстауын түсіндіруге қуана келістік. Өзіміздің техникамызбен де таныстырдық.  

Сап түзеген сарбаздар арасынан нәзік жандарды да кезіктіруге болады.  

– Осы жарыста лагерьде өзіме көптеген достар таптым және әр түрлі ойындар өтіп жатыр. Сол келгеніме қуаныштымын.
– Бұл жарыс өте жақсы деңгейде өтіп жатыр. мұғалімдер бәрін көрсетіп, біз оны бәрін түсініп.Бәрі жақсы, ойнап, жаңа адамдармен танысамыз.

Алда әлі көптеген қызықты да тартысты сайыстар, ойындар бар.