Мәдениет

Бард әндері фестивалі

Мұндай шара өңірімізде алғаш рет өткізіліпті. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмады.

 

Сондықтан да фестиваль 120-дан астам бард әуесқойларын жиды. Сайыскерлер 5 номинацияда бақ сынады.

Владимир Селиванов, қазылар алқасының мүшесі:
-Әннің әуені мен сөзінің авторы, әуен авторы, орындаушы, дуэт, жанұялық ән шырқау номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталады. 1-күні жерлестеріміз өнерлерін көрсетті. Бүгін өзге қалалардан келген сайыскерлердің мүмкіндіктерін бақылаймыз.

3 күнге созылған байқау еліміздің өнерпаздарын ғана емес, көршілес Ресейдің дарындыларын да тартты. Евгений Биринцев Челябі қаласынан келген. Қазылар алқасының мүшесі болса да жиылғандардың өтініші бойынша репертуарындағы әсем әуендерінің бірін шырқап берді.

Евгений Биринцев, қазылар алқасының мүшесі:
-Болашақта талай биікті бағындыратын жас дарындар баршылық. Дегенмен еңбектену керек. Бұл балалармен көп жұмыс жасау қажет. Осындай байқауларда белсенділік танытып, көзге түсіп жүрген абзал.

Аққайың ауданынан келген Данияр Құстанов үшін бұл алғашқы байқау. 21 жастағы жігіт бард әуендеріне де жуырда ғана бет бұрған екен. Дегенмен жиылғандарды әсем дауысымен тамсандырмай қоймады.

Данияр Құстанов, фестивальге қатысушы:
-Негізі маған бард өлеңдері ұнайды. Осы фестивальға қатысқаным үшін қуаныштымын. Осы фестивальде 1-орынға ие боламын деп ойлаймын.

Әр номинацияда 1 лауреат пен 2 дипломант анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды

Айдана Демесінова