Жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде спорт күні аталып өтеді. Мереке қарсаңында өңірдегі спорт саласының дамуына қомақты үлес қосқан жерлестірімізді марапаттау дәстүрге айналған. Биыл спорт саласының 25 қызметкеріне алғыс хаттар табысталды.
Асылбек Тоқбаев, “Дене шынықтыру және спорт бөлімі” ММ бөлім бастығы:
– Елбасы алдымызға үлкен міндет қойып отыр, 2030 жылға дейін адамдардың 30%-н спортпен шұғылдануын ұйымдастыру. Бүгінгі күні қаламызда спорт ғимараттары өсіп келеді. Аулаларда спорт алаңдары жасалды.
Сонымен қатар волейбол, стритбол алаңдары тұрғындар игілігіне тапсырылды. Бұл жұртшылықтың спортқа ден қойып, бос уақыттарын пайдалы өткізуге зор мүмкіндік.
Руслан Сәрсенбаев, СҚО карате шинкиокушинкай федерациясының президенті:
-Біз жасөспірім балаларды өсіріп жатырмыз. Олардың денсаулығын мықты қылу үшін тырысудамыз. Бізді марапаттағандарына қуаныштымыз.
Талғат Омаровтың Петропавл ауыр машина жасау зауытында спорт нұсқаушысы болып еңбектенгеніне 2 жыл болыпты. Күнделікті жаттығулардың арқасында зауыт ұжымы спортта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіпті.
Талғат Омаров, “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ спорт нұсқаушысы:
– Біздің мекеме жыл сайын қалалық “Денсаулық”спартакиадасына қатысады. Әрдайым жүлделі орындарға ие болудамыз. Бұл қызметкердердің спортқа қызығушылығының артуының белгісі.
Мереке қарсаңында облыс орталығында түрлі шаралар өткізу жоспарлануда.
Инеш Шоқақова