Бизнес және экономика

Кәсіпкерлікті қолдау

 

“Бизнестің жол картасы” екі кезеңге бөлінген. Алғашқысы басталып та кетті. Ол 2014 жылға дейін созылмақ. Ал жобаның екінші кезеңі тағы 6 жылды қамтиды. Сөйтіп, 2020 жылға дейін елдің экономикасы одан әрі қарқын алуы тиіс. Аталмыш жоба негізінен ірі бизнесті қолдауға бағытталған. Елбасының тың жобасының негізгі өзегі  – экспортқа бейімделген тауарды шығаруға мүмкіндік туғызу.   Ауқымды жұмыс “Даму” қорына жүктелді.

Ғабит Шайкин, Экономикалқ даму және сауда министрлігінің департамент бастығының орынбасары:

-Кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктермен қалай жұмыс істеген жөн, олардың қызметін үйлестіретін “Даму” қорының міндеттері қандай – осының барлығын түсіндіру үшін келдік. Облыстарды аралап жүрміз, айтылып жатқан ұсыныстар көп. Оларды біз жоғары жақта қарастырамыз.

“Бизнестің жол картасы” арқылы 3 миллиард теңгеге дейін несие алуға болады. Жылдық ставкасы 12 пайыз. Кен өндіру, жиһаз шығару, металл өңдеу – үлкен басымдыққа ие. Ал құрылыс саласы бұл тізімге енген жоқ. Жиынға бизнес қауымы арзан несие іздей келді. Көбінің бастамасы қолға алынбай-ақ тұншығып қалыпты. Олардың үміті – енді осы тың жоба.
Ерік Азенов
, “Жақсы тұз” ЖШС директоры:

ен Уәлиханов ауданында тұз өндірісін одан әрі дамытқым келеді. Оған бар болғаны 1 миллион доллар керек. Бұл жоба экспортқа бағытталған. Біздің тұзды омбылықтар мен Украина елі алуға дайын.

Дәл осындай сарындағы сауалдар жиында көп айтылды. Оның шешілуі жақын күндердің еншісінде.
 

Тимур Әбдрешев