Бизнес және экономика

Еуразиялық банк қызмет көрсету көлемін кеңейтпекші

 

 

 

 

Майкл Эгглтон облыс әкімімен осыдан бір жыл бұрын жүздесіпті. Содан бері екі жақты келісімдер орындалып, бірқатар маңызды жұмыстар тындырылған. Бүгінгі жиында жоспарларға түзетулер енгізіліп, жаңа бағыттар айқындалды.

Майкл Эгглтон, “Еуразиялық банк” АҚ басқарма төрағасы:
– СҚО біз үшін алдыңғы қатарда. Сондықтан осы өңірдегі қызметкерлеріміздің санын 20 адамға көбейттік. Бүгінгі күні  Петропавлдағы қызметкерлердің штаты 75 адамды құрайды. Алдағы уақытта 3-5 жаңа бөлімше ашуды жоспарлап отырмыз. Облыс әкімімен болған кездесуде осы бөлімдерді ашудың жолдарын қарастырдық. Сондай-ақ әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мен шалғай ауылдардың жайы да назардан тыс қалған жоқ. Біз нақты ұсыныстар жасадық. Бұл аймақ басшысының оң бағасына ие болды.

Дана Ғизатова