ТЖ

Саяжайдағы өрт

 

Таңғы сағат алты шамасында  Пестрое  көлі ауданында орналасқан «Восток» саяжай қоғамында  өрт шықты деген ақпарат түсті. Тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына жетті.  Полицейлер үй ішінен шыққан ер адамның дауысын естіп, есікті бұзып, баспанаға кірген. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тілсіз жауды құрықтауға кірісті. Мас күйдегі саяжайшыға медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде өрттің  шығу себебі мен келтірілген шығын  аңықталуда.

 Айдана Демесінова