Билік

Облыстық сайлау комиссиясының отырысы

 

Отырыста ҚР Парламенті Сенаты депуттарын сайлау кезіндегі дауыс беру бюллетеньдерінің мәтіні талқыланды. Бюллетеньдерді таратуға жауапты болып облыстық сайлау комиссиясының мүшелері бекітілді.   Сенат депутаттығына үміткерлердің сенімді тұлғалары, бақылаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жөнінде сөз болып, сайлау комиссиясының тамыздың он алтысынан жиырмасына дейінгі жұмыс жоспары қаралды. Сайлаушылардың дауыс беру уақыты мен орны да анықталып, ҚР орталық сайлау комиссиясына хабарлау жолдары талқыланды. Отырыста талқыланған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды деп хабарлайды облыстық сайлау комиссиясы. Дауыс берушілердің бірлескен отырысы тамыздың он тоғызы сағат онда Н.Погодин атындағы орыс драма театрында өтеді. Отырысқа депутаттар міндетті түрде қатысуы тиіс.

Айымгүл Әбілева