Әр түрлі

Бал спасы

 

 

 

 

Бал спасы 19 ғасырдан бері атап өтіледі. Константинопольде жаз айларында түрлі аурулар тараған кезде шіркеу қызметкерлері кресті далаға алып шығып, көше аралаған. Правослославиеліктер жазда үш спасты атап өтеді. Олардың алғашқысы бал спасы.

Раиса Толкачева:

Бұл күні шіркеуге бал әкеліп , оқытамыз. Шіркеуге келетін халық саны артуы керек. Сенім болғанда ғана татулық, жақсылық жарасады.

Бұл мереке жазды шығарып салудың басы сияқты. Халық құдайдың жазда берген несібесіне тәубә келтіріп, осы күні шіркеуге келеді.

Ольга Уточкина:

-Осы мерекелер арқылы құдайға рақмет жаудырамыз. Құрғақшылық болып тұрады. Ал биыл өнім мол. Осындай молшылық үшін құдайға алғыс айтуға келдік.

Православиеліктер жазғы балды осы күннен кейін шіркеуде оқытып барып қана пайдалана бастайды. Халық арасында денсаулыққа пайдалы, емге шипа өнімнің қасиеті осы кезде арта түседі деген сенім бар.

Протоиерей Сергий, СҚО храмдарының басшысы:

-Бал арасы табиғи таза өнім береді. Аса еңбекқор жәндік. Араның балын пайдаланамыз. Балауызынан шам жасалады. Осындай мереке облыс аумағында кеңінен аталуы керек деп ойлаймын.


Тамыздың 14-нен христиандар үшін ең қатал саналатын Успен оразасы басталады. Екі апта бойы ет, сүт өнімдерінен, балықтан бас тарту керек.

Әсем Рахметова