Әр түрлі

Қауын-қарбыз қауіпсіз дейді мамандар

 

 

 

Саудаға қойылатын қарбыз-қауынның сапасы мен жарамдылығы жергілікті жерде жіті тексеріледі. Мамандар жыл басынан қарбыздың 45 үлгісі мен 30-ға жуық қауынды сараптамадан өткізіпті. Зерттелген бақша өнімдерінің ешбірінде нитраттар табылмаған.

Марина Никоненко, “Фитосанитария” РМК зертхана меңгерушісі:
– Кей жағдайда адамдар нитраттан уландым деп қателеседі. Бұл қауын-қарбызды мұқият жумағандықтан болуы мүмкін. Сатып алғаннан кейін тауарды сабын, содамен тазалап, жуу қажет.

Бақша өнімдері негізінен оңтүстік өңірлерден жеткізілуде. Тауар жолда екі – екі жарым күн бөгеледі. Ал сатуға қойғанша тіпті бір апта уақыт өтуі мүмкін. Сондықтан тәтті әрі сапалы өнімді таңдауға жауапкершілікпен қарау қажет.

Балзия Ілиясова, сатушы:
Арбузды алған кезде сызықтарына қарау керек. Анық болса, таза піскен деген сөз. Жұмсақ болмауы керек, кескеннен кейін бір күннен соң, жеп қою керек.  Қауынды айналдырып ұстап көргенде қатты болу керек. Ортасынан кесіп қауынды бір-ақ күн ұстайды.

Сонымен қатар сатып алған жемістің сапасын өзге де тәсілдер арқылы тексеруге болады.

Марина Никоненко, “Фитосанитария” РМК зертхана меңгерушісі:
– Үйде қарбызды суға салып тексеруге болады., Судың қызғылт тартуы қарбызда химиялық қоспалардың бар екендігін білдіреді. Ал аз да болса  зақымдалған қарбызды мүлдем алуға болмайды. Онда көптеген бактериялар жиналуы мүмкін.  

Сауда-саттық үшін белгіленбеген орындарындағы тауар арнайы тексерістен өткізілмейді. Сондықтан төмен бағамен сапалы өнім сатып алуға қызықпаған жөн.

 Инеш Шоқақова