Денсаулық сақтау

Ерекше ота

 

 

Мұхтар Есембаев облыстық ауруханаға тамыздың 5-сінде түсіп қалған. Ота жасамай-ақ, сүйекті эндоскопиялық жолмен алу мүмкін болмапты. Онсыз да науқас Көкшетау қаласынан Петропавлға жеткенше, біраз уақыт жоғалтқан.

Мұхтар Есембаев:
-Мен Көкшетау қаласында жұмыс істеймін. Түскі ас кезінде ойламаған жерден сүйекке қақалдым. Бірден ауруханаға барғанда, олар мені Петропавлға жіберді. Жергілікті дәрігерлер көмектесіп, ота жасады. Қазір жағдайым жақсы.

1 сағатқа созылған отаның нәтижесінде науқастың өңешінен 2-3 сантиметрлік сүйек алыныпты. Сырт көзге ұсақ көрінгенімен, жіңішке өңеш үшін бұл сүйектің көлемі өте үлкен екені анық.

Мереке Негемеджанов, облыстық аурухананың хурургия бөлімшесінің  меңгерушісі:
-Үшінші рет эндоскопиялық бақылау кезінде өңештің сол жақ қабырғасына тірелген сүйек байқалды. Дер кезінде ота жасалып, үлкен көлемдегі сүйекті алып тастадық.  

Мұндай жағдай былтыр да болған екен. Ол жолы науқас жаңғақтың сүйегін жұтып қойыпты.

Мереке Негемеджанов, облыстық аурухананың хурургия бөлімшесінің меңгерушісі:
-Біздің тәжірибемізде адамның ағзасына бөгде заттардың түсуі жиі кездеседі. Тіпті жұма сайын десе де болады. Дегенмен бұл жағдайда бізді сүйектің көлемі таң қалдырды.

Дәрігерлер науқастың жағдайы жақсы деп отыр. 1 аптадан соң ауруханадан шығарылуы да мүмкін.

Инеш Шоқақова