Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қалаішілік жолдар жөнделуде

 

 

 

 

Әуезов пен Мүсірепов көшелерін жалғаған  жолдың ұзындығы 1100 метр. 10 техника мен 15 жұмысшы бұл аумақта алтыншы күн еңбектеніп жүр.

Василий Семеновых, “Фиридо” ЖШС инженері:
– Қазір Индустриальный оралымын қалпына келтіріп жатырмыз. Бүгінде 430 метр жерге тасжол төсеп үлгердік. Енді жолды аяқтап, жиегін қалыпқа келтіру жұмыстары қалды.

Мердігер “НОРД жолдары” кәсіпорны жұмысты белгіленген мерзім – қыркүйектің соңынан кешіктірмей бітіреміз деп отыр. Бұл нысан аяқталысымен олар   Ғ.Мүсірепов көшесіне ауысады. Ол маңдағы 6 шақырым жолға 179,9 млн теңге жұмсалмақ.

Артем Погосян, “НОРД жолаушы” ЖШС бас директоры:
– Бұл жол 30 жыл бойы жөндеу көрмеген. Сондықтан жұмыс өте ауыр. Осы аумаққа барлығы 64,7 млн теңге бөлінді.

“Бизнестің жол картасы” бағдарламасының көмегімен қалпына келтірілетін жолдарға барлығы 374 млн теңге қаржы аударылды. “Ашық аспан” ЖШС-на жүктелетін келесі аумақ – Батыр Баян көшесінің бойындағы 3,5 шақырым жол. Оған жекелей 129,1 млн бөлініпті.

Кәусар Аяпбергенқызы