Kurultai banner mobile

Әр түрлі

Петропавлдағы әскери жиын

 

 

 

 

Келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскерилердің шеберлігін арттыру шарасы ҚР Қарулы күштерінің тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылыпты. Танымдық жаттығуға еліміздің солтүстік, батыс, шығыс, Астана, Алматы, Қарағанды әскери құрылымдары бөлімшелерінің 200-ден астам өкілдері қатысты. Рота страшиналары үш күн шеберліктерін шыңдап, өз ара тәжірибе алмасты. Сарбаздармен тылда жұмыс істеу тәсілдерімен бөлісіп, әскери- қолданбалы спорт түрлерінен сынға түсті. Үздік атанғандары дипломмен марапатталып, құнды сыйлықтарға ие болды. Ең бастысы әрбірі білгендеріне білім қосып тарасты. Енді рота старшиналарына арналған оқу-әдістемелік жиындар дәстүрге айналмақ.

 Жеңіс Ермұқанов