Әр түрлі

Өңір экологтары өткен жартыжылдықты қорытындылады

Атмосфералық қабаттың ластануы бойынша өңірде де, облыс орталығында да жағдай әзірге тұрақты. Жарты жылда 42 мың тонна қалдық ауаға тараған екен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен сәл төмен.
Ауаны негізгі ластаушылардың бірі –  «Севказэнерго» серіктестігі. Кәсіпорын өткен жылы зиянды қалдықтар мөлшерін 117 тоннаға азайтыпты.

Андрей Желеховский, «СевКазЭнерго» АҚ  экология бөлімінің бастығы:

 

 

-Біздің кәсіпорын ауаға тарайтын қалдықтарды азайту бағытында жұмыс істеп жатыр. Эмульгаторлар орнатып, күлұстағыш қондырғыларды жаңартудамыз. Күлжинау орнының құрылысы басталды.

Кәсіпорын табиғатты қорғау бағытында қомақты  жұмысты бастаған. Бұл шаруаны облыстағы өзен -көлдерді жалға алушылар толық атқарып жатқан жоқ. Облыс прокурорының көмекшісі Светлана Оралбаеваның айтуы бойынша,  қала жанындағы Пестрое көлін жалға алушы балық асырау үшін суға мал қиын төгетін көрінеді. Ал көлдің бергі беті жағажай. Бірқатар аудандарда канализациялық жүйелер тозған. Бірақ оларға қаржы бөлу жоспарланбаған. Жиналғандарды қолданыста болған шамдарды жою жолдары да алаңдатты.   Облыстағы кәсіпорындар мен ұйымдардан 8 369 шам мен медициналық термометрлер алынған екен.  7500 данасы Қостанай облысындағы Лисаковск қаласына арнайы орында жоюға жөнелтілген. Облыста 670 тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. Олардың үшеуінің ғана арнайы құжаттары ресімделген. Ал қоқыс өңдеу зауытының құрылысы әзірге әңгіме түрінде ғана қалуда. Жарты жылда экологтар 257 табиғат пайдаланушыны тексеріп, 294 заң бұзушылықты тіркеген.  8 миллион теңгеден аса айыппұл салыныпты.  

Әсем Рахметова