Бұл жауапты сында еліміздің намысын Иринаның жолдасы Евгений Эктов және 2010 жылғы жазғы Азия ойындарының чемпионы Маргарита Мацко қорғауы мүмкін. Иринаның лицензиясы «А» дәрежесінде болса, қалған екеуінікі тек «Б» ғана. Яғни алдағы уақытта өзге спортшылар «А» дәрежесінің нормативін орындаса, 2 спортшымыз дүбірлі додаға бару мүмкіндігін жоғалтады.Соған қарамастан, 1 жылдың ішінде жазғы олимпиадаға қатысатын жерлестеріміздің қатары әлі де қалыңдауы мүмкін. Жаттықтырушылар жүзуші Владислав Поляков, балуан Роман Мелешин, боксшы Дариға Шәкімова және т.б дарынды спортшыларға зор үміт артып отыр.
Айдана Демесінова