Көлік және жолдар

Петропавлда көшелер абаттандырылуда

 

Астана көшесіндегі жолды қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта бұл участкеде ернеулер орнатылып, жаяу жүргіншілер жолының жағдайы жақсартылған. Бұл мақсатқа «СУ-808» ЖШС-не тиесілі 20-ға жуық техника  жұмылдырылыпты.

Вадим Хохлов,  «СУ-808» ЖШС  жұмысшысы:
– Біздің мекеме ұзындығы 835 метрді құрайтын учаскеге асфальт төсемек. Жұмыс ауыр болғанымен, мерзімінде тапсыруға тиіспіз.  Әлі 8 500 шаршы метрге жуық жерді жөндемекпіз. Ол үшін 40 шақты жұмысшы еңбектенуде.  

Жөндеу жұмыстарын бір аптаның ішінде аяқтау жоспарлануда. Дәл қазір 1 500 шаршы метр аумақтағы жол жөнделген.

Руслан Мақашев, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы:
-Үстіміздегі жылы қалада жалпы аумағы  96,7 мың шаршы метр жол жөнделді. Ал мына участкені Қазақстан Конституциясынан бастап, Абай көшесіне дейін жөндеу жоспарланған. Жалпы жоспарланған аумағы  10 мың шаршы метр.

Тұрғындар жол жөндеу жұмыстары көлік қозғалысына қиыншылық туғызғанымен, қаланың көріктеніп келе жатқаны қуантады деп отыр. Алдағы уақытта Потанин, Шухов, Чайковский, Горький және Пушкин көшелерінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар.

Инеш Шоқақова