Спорт

«Дельфин» бассейніндегі күрделі жөндеу

 Бұл ғимарат 1972 жылы бой көтерген. 30 жыл бұрын орнатылған  терезе шынылары тозып, кей жерлерінде сызат пайда болған. Оны қазіргі заманға сай, әрі қолайлысына алмастыру үшін облыстық бюджеттен қажетті көлемде қаржы бөлінген. Ал жөндеу жұмыстары шілде айының ортасынан басталып кетті.  

 

 

Борис Старцев, су спорты түрлерінен «Дельфин» олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің бас инженері:
– Терезені 3 рет шынымен қаптаймыз. Бұл суықты өткізбей, ғимаратта қажетті температураны ұстап тұруға септеседі. Енді спортшыларымыз бен бізге жаттығуға келетін өзге де азаматтар бессейнде өздерін жайлы сезінетін болады.  

Мекемеде жыл сайын өз қаражаты есебінен де шағын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл қыздардың душқа түсетін бөлмесінде төбе жаңа материалмен қапталып жатыр.

Теміртас Әлжанов, су спорты түрлерінен «Дельфин» олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің директоры:
-Спортзалда ақтау, әрлеу,  бәрін дайындап жатырмыз. Енді уақыт бар. Біз ойлаймыз осы сентябрьде оқу жылына біз дайын боламыз деп.

Тамыздың онына дейін мердігерлер өз міндетін орындауы тиіс. Ал мекемедегі жөндеу жұмыстары толығымен күзге дейін аяқталмақ.

Айдана Демесінова