Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жаңа перзентхана

Бұл – өңіріміздегі көпсалалы аурухана жанынан құрылған алғашқы перзентхана. Сондықтан да оның салтанатты ашылуымен ақ халатты абзал жандарды облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Анатолий Ко құттықтады.

Анатолий Ко, СҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы:
– Өңірге шоғырландыру бағдарламасы мен денсаулық сақтау министрінің ұсынысына сәйкес бүгінде көпсалалы ауруханалар жанынан осындай бөлімшелерді ашу жедел кәсіби медициналық көмек көрсету үшін маңызды.

Бөлімше 60 орынға шақталған. Онда 3 жеке босану палатасы, клиникалық босану залы және босанудан кейінгі ана мен баланы тексеруге қажетті өзге де кабинеттер  бар. Осы перзентхананы заманауи құрылғылармен жабдықтау үшін ғана облыс қазынасынан 30 млн теңге көлемінде қаражат бөлініпті.

Елена Калюжная, 3 қалалық аурухананың гинекология бөлімшесі бас дәрігерінің орынбасары:
– Ұжымдағы барлық мамандар курстарда дәріс тыңдап, біліктіліктерін арттырды. Онда жаңа технологиялармен қалай жұмыс істеу керектігін үйренді. Құрылғылар Германия, Израиль, Корея, Ресей елдерінен әкелінді.

Сондай-ақ, әйелдерге кеңес беру орталығын ашу үшін облыстық бюджеттен қосымша 25 млн теңге бөлініпті. Перзентхананың жанынан ашылатын мекемеде қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

-Чехиялық компаниямен Диагностикалық орталықтың ашылуы жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Үкіметтің денсаулық саласына көп көңіл бөлуі, әрине, қуантпай қоймайды.

Перзентхана тамыздың 3-інде жұмысқа кіріспек.

 Айдана Демесінова