Билік

Сенат депутаттығына үміткерлер үгіт науқанын бастады

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының “Сайлау туралы” конституциялық заңының 79-бабының 3-тармағына сәйкес тіркеуге тиісті құжаттарын тапсырмағаны үшін облыстық сайлау комиссиясы Айдар Екпінұлы Жанзақовты, Павел Брониславович Рафальскийді, Анатолий Петрович Глушконы, Тасбай Қабашұлы Симамбаевты, Ермек Шегірұлы Бакеновты кандидат ретінде тіркеуден бас тартты. Облыстық сайлау комиссиясы хабарлағанындай, 2011 жылғы шілденің 30-нан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер ретінде тіркелген Самат Сапарбекұлы Ескендіров, Есжан Қабиұлы Оразалин және Серік Серғалиұлы Тәшенов үгіт жұмыстарына кірісті. Үгіт-насихат науқаны 2011 жылғы тамыздың 17-де жергілікті уақыт бойынша 24 сағатта аяқталады.

 Гүлмира Шоқтыбаева