Билік

Облыс әкімінің Ғабит Мүсірепов ауданына жұмыс сапары

 

 

Червонный селолық округінде төрт түліктің қыстап шығуына 800 тонна шөп шабу қажет. Қазір қоймаға оның 200-і ғана жеткізілген. Ауыл тұрғындары жем –шөппен қамтамасыз етілген. Мұнда көктің центнері 3 мың теңге. Шабындық басында озық техникалар шөп маялауда . Бір орамасы – 250 келі. «Червонное Агро» серіктестігі биыл 140 мың гектарға жұмсақ бидай тұқымын сіңірген. Химиялық өңдеу жұмыстары мен зиянкестермен күрес шаралары аяқталған. Қазір астық  пісіп қалды, – дейді Сергей Киричек.
Мол астық алатындарына «Агро – Жазық» ЖШС – і де сенімді, масақ бітік. Бұйыртса, тамыздың 20 – нан кейін егінді жинауға кірісеміз деп отыр  шаруа қожалығы. «Яресько» серіктестігі де алдағы науқанға дайын.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:

-Астық жинауға салғырттық танытып, жіті дайындалмасақ, егін құлату жұмыстары қазан айына дейін созылып кетуі мүмкін. Сондықтан  ертерек әрекеттену қажет. Қыркүйектің 20-сына дейін жауапты науқанды 60 – 70 пайызға орындасақ, уақытында үлгереміз.  

Ал Шұқыркөл селолық округіндегі «Бюрин» серіктестігі биыл алғаш рет 200 гектар жерге бидайдың қатты түрін еккен. Қазір жауапты науқанға құрал – саймандар мен техникалар сақадай сай. Егінді «Енисей» комбайндары жинайды. Облыс әкімі Серік Біләлов шаруа қожалығына бидайды өткізуге септесетінін айтты. «Целинный -2006» элеваторының сыйымдылығы 84 мың тонна. Тағы 20-сы үшін арнайы алаң қарастырылған. Қазір астық кептіргіштер қызметіне дайын. Оның өнімділігі 114 тонна. Әлі дизельді жанармай қорын сатып алу керек. Сондай- ақ Серік Біләлов қайта құрылып жатқан «Жастар» стадионында болды. Алаңның жаңа кейіпке енуіне жергілікті бюджеттен 35 млн теңге бөлініпті. Нысан тамыз айында тапсырылмақ. Жөндеу жұмыстарын қарағандылық мердігер «Карат» ЖШС     жүргізуде. Жасанды алаң төселген. Енді пластикалық 500 орындық орнатылмақ. Сондай- ақ жылытылған киім ілу бөлмесі қарастырылған. Ал  қыста мұнда хоккей алаңын тұрғызамыз , – деп сендірді аудан әкімі Марат Тасмағанбетов. Аудан орталығы   Новоишимка елді мекенін абаттандыру шаралары да назардан тыс қалмады. Саябақтар ашылып, түрлі – түсті су бұрқағы іске қосылмақ. Өңір басшысы Серік Біләлов бұл жұмыстарды тамыздың 30-на дейін аяқтауды тапсырды.

Айдарбек Балғабеков