Білім

Жасұлан Шайхығали – биологиядан халықаралық олимпиада жүлдегері

Қазақстанға күміс медаль сыйлаған Жасұлан Шайхығали. Оған 60 елден келген 227 қарсыластың арасынан үздік шығу оңайға соқпапты.  

Жасұлан Шайхығали, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының түлегі:
-Зоологиядан көлбақа бұлшықеттерін зерттеу керек болды.
Өрмекшілердің түр-сипатын анықтадық. Сондай нәрселер болды. Теориядан  маған 227 ұпайдан 200 қойды. Яғни, бұл дегеніміз 75 пайыз. Ал практикада 400-дің ішінен 200 ғана алдым. Бұл 50 пайыз. Бізде практика артта қалып отырады. Себебі материалдар аз.

Атап өтетіні, қазақстандық оқушылар биология саласы бойынша мұндай жетістікке соңғы бес жылда қол жеткізе алмай келген. Жасұлан Шайхығали осындай олимпиадаларға 9 сыныптан қатыса бастаған. Нәтиже жаман емес. Ол 2009-2010 жылдар аралығында 3 мәрте республика жеңімпазы және президенттік олимпиада үздігі атанған. 11 сыныпты сәтті аяқтаған түлек ҰБТ-сіз бірден тегін оқу грантына ие болды. Әзірге Жасұлан Астана қаласындағы Еуразиялық ұлттық университетке  оқуға түспек. Дегенмен, болашаққа қойған жоспары одан да ауқымдырақ.

Жасұлан Шайхығали, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының түлегі:
Биологияда молекулярлық  биология қызықтырақ. Адамдар білмейтін нәрсе әлі көп. Сол үшін маған қызықты. Болашақта Қазақстанның биотехнологиясын дамытқым келеді. Өйткені ол сала әлі біраз дамытуды қажет етеді.

Гүлден Сәрсенбаева