Спорт

Балықшылар жарысы



 

Қазақстан Коммунистук Халықтық партиясының  белсенділері шілденің жайма-шуақ күнінде балық аулау өнері мен шеберлігінен сайысуды дәстүрге айналдырған. Бұл шара осымен 6-шы жыл қатарынан ұйымдастырылуда.

Дәукен Темірбаев, ҚКХП СҚО филиалының бірінші хатшысы:
– Біздің ең басты міндетіміз – дені сау ұрпақ тәрбиелеу. Өзіміз үлгі көрсету арқылы жұртшылықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Бүгінгі іс-шараны өткізудегі мақсатымыз да осы. 

Жыл сайын жарысқа қатысуға ниет білдірушілердің қатары қалыңдай түскен. Биыл олардың саны -25. Гүлбаршын Бекентаева аталмыш сайысқа 2-ші жыл қатарынан атсалысуда. Ол осы жолы да мол олжаға кенелемін деген үмітте.

Гүлбаршын Бекентаева, ҚКХП мүшесі:
– Үлкен балықтар ауласақ, сый беріледі деп ойлаймыз.Ауа райы да қолайлы болып тұр. 2-3 сағаттай боламыз.

Жарысқа қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған. Мол олжа түсіріп, ең ірі балықты қармағына лектіргендер марапатқа ие болмақ.

– Балық аулаған кезде таза ауада дем алып, сергіп қайтамын. Өзіме өте ұнайды.
– Мен балық аулауға бірінші рет келіп тұрмын.
Қызықты, көңілді. Жарысқа қатысқаныма қуаныштымын.

Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған шара таза ауадағы көңілді ойындармен жалғасты.

Инеш Шоқақова