Қылмыс

Тағы бір қария алаяққа алданды

 

 

 

Таңғы сағат 11 шамасында Елизавета Андрееваның үй телефонына ер адам қоңырау шалып, өзін қарияның баласымын деп таныстырады. Біраздан соң тұтқаны басқа адам алып, ұлының бостандығы үшін ақша талап еткен. Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған бейтаныс зейнеткердін мекен-жайын сұрап, бірер минутта ақшаны алып кету үшін адам келетінін айтқан. Абдырап қалған әжей алаяқтың бар талабын орындайды: қағазға ораған ақшаны шелекке салып, үйдің алдына шығарып қойған. Көп күттірмей белгісіз ер адам келіп, ақшаны алып, жылдам ізін жасырған. Кейін анықталғандай, қарияның баласы дін аман. Ол өзі мұндай алаяқтық туралы анасын сан мәрте ескерткен екен. Алайда, үрейі ұшқан зейнеткер бәрін ұмытып кеткен. Қазірде қалалық ІІБ-нің жедел уәкілдері алаяқтарды іздестіру үстінде.

Игорь Шедловский, СҚО ІІД КПБ аға жедел уәкілі:
– Мұндай жағдайлар соңғы кезде жиі кездеседі. Ең бастысы, арандатуға сеніп, абдырап қалмау қажет. Алдымен туысыңыздың өзімен хабарласып, ол шын мәнінде ұсталса, полицейлерге қоңырау шалған дұрыс.

Бұл жағдай айлакерлерден кез-келген уақытта сақ болу қажеттігін тағы да еске салады.

 Кәусар Аяпбергенқызы