Ауыл шаруашылығы

Жаңа элеватор

 

 

 

Автоматтандырылған құрылғылардың арқасында астықты тиісті температуралық ылғалдылығын сақтай отыра ұзақ мерзім ұстауға болады. Шағын элеватор түрлі сыйымдылықтағы жеті мұнарадан тұрады. Қажет жағдайда олардағы астықты бірінен-біріне ауыстыру мүмкіндігі қарастырылған. Нысан темір жолға жақын салынған. Сондықтан астықты жөнелту , тасымалдау кезінде қашықтық біршама азайған. Қайранкөл елді мекенінде 25 шаруа қожалығы бар. Яғни, ауданда элеватор керек -ақ. Сондай-ақ ауылда 25 тұрақты жұмыс орны ашылып отыр. Статистика агенттігінің үстіміздегі жылғы шілденің біріндегі  ақпараты бойынша еліміздегі астықтың 26,2 пайызы яғни 908 мың 459 тоннасы Солтүстік Қазақстан облысының элеваторлары мен қоймаларында сақталған.

Әсем Рахметова