Балалар

Республикалық дебат турнирі

Пікірталасшылар сайысы 2 адамнан тұратын 10 топтың басын қосты. Жеткіншектер Қазақстан халқы Ассамблеясы және ұлтаралық қатынас тақырыптарында пікір таластырды.

Зәкіржан Мамлютов,  «Жастардың ақпараттық-сараптамалық орталығы” ЖҚБ төрағасы:
– Бұл республикалық дебат турнирі ең алдымен ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады. Пікірталасқа Астана, Семей, Көкшетау, Қостанай және Петропавл дебатшылары жиылды. Олар бүкіл әлемге үлгі болған еліміздегі ұлт тұтастығы жайлы өз ойларын айтады.

Астаналық және емейлік жастар Қазақстан халқы Ассамблеясы жайлы пікірталас жүргізді. Жақтау тобы болып сөз бастаған шығыс жеткіншектері Қазақстан халқы Ассамблеясының беделін қалай көтеру керек екендігін айтып, өз ұсыныстарын жасады. Ал Елордадан ат терлетіп келген дебатшылар олардың позициясын жоққа шығаруға тырысты. Тапқырлығымен, тез шешім қабылдай білуімен ерекшеленгендірдің бірі – Олжас Закарин. Астананың намысын қорғаған Олжас осындай сайыста 5-ші жыл бағын сынауда. 22 жастағы жігіт 23 мәрте үздік спикер атаныпты

Олжас Закарин, дебатқа қатысушы, Астана қаласы:
– Бұл турнирге 1 аптадай дайындалдым. Өйткені дебатқа көп қатысқандықтан әбден машықтанып алдым. Бүгінгі ұсынылған тақырыптар өзекті әрі өте қызықты. Ақпараттың көбін ғаламтордан алдық. Әсіресе үкіметтік сайттардан біраз мағлұмат жидық. Баспасөз құралдарына да жүгіндік.

Жеңіске жеткен топтар кубоктармен және грамоталармен марапатталды. Ал  үздік спикер атанған дебатшы кубок және сыйлыққа ие болды.

Айдана Демесінова