Спорт

“Ақ бидай” аяқталды

 

 

Сайыс бойы Уәлиханов ауданының білектілері мен күштілері алдарына жан салмады. Уәлихановтықтар ерлер мен әйелдер арасындағы баскетболдан, ерлер арасындағы волейболдан, еркін күрес пен армреслингтен алтын алқаларды иемденді. Екінші орыннан Қызылжар ауданының спортшылары көрінді. Үздіктер үштігін Шал ақын ауданының құрамасы тұйықтады. Ал соңғы 13-орынға Аққайың ауданы тұрақтады. Өткен жылы дәл осы «Ақ бидайда»  Есіл ауданының құрамасы алтыннан алқа тағынған болатын. Биыл бұл аудан спортшылары төртінші орынды ғана місе тұтты.

 Гүлмира Шоқтыбаева