Балалар

«Әкем, анам және мен»

  

 

 

«Көңілді старт» ойындары лагерьде дәстүрге айналған. Алайда бұл жолы бүлдіршіндердің қуанышы ерекше. Өйткені олар спорттық сайыста ата-аналарымен бірге күш сынасты. Өскелең ұрпақтың бойында спортқа қызығушылықты арттырып, салауатты өмір салтын насихаттайтын сын жиылғандардың көңілінен шықты.

Дәукен Темірбаев,  ҚКХП СҚО филиалының бірінші хатшысы:
– Балалар жастайынан спортпен шұғылдануға бейімделу керек деп ойлаймын.
Жас ұрпақтың дені сау болу үшін мұндай шараларды жиі ұйымдастыру қажет. Ал сайысқа ата-аналардың қатысуы бүлдіршіндердің қызығушылығын арттыра түседі деген ойдамын.

Спорттық шара ата-аналардың демалыс күндерін пайдалы өткізуге зор мүмкіндік болды. Ал бүлдіршіндер әдеттегідей спортпен шұғылданып, біраз сергіп қалды.

Дарина Сәрсекеева:

– Маған ұнайды. Қызықты өтіп жатыр.
 
Жарысқа қатысушылардың талпынысы елеусіз қалмады. Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясының мүшелері бүлдіршіндерге шағын сыйлықтар табыс етсе, лагерь ұжымына шаңсорғыш сыйға тартты.

Инеш Шоқақова