Құқық қорғау органдары

Авторлық құқықты бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

 

 

 

 

Заңсыз өнім шығарып, облыс орталығының сауда нүктелерінде сатумен айналысқан азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның заңға қайшы әрекетінің салдарынан құқық иесі – «ВИДЕО-АУДИО-МЕЛОМАН» ЖШС-не 1 млн. теңгеден астам мөлшерде залал келтіріліпті. Қаржы полицейлері үстіміздегі жылдың 6 айы ішінде авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу фактісі бойынша 11 қылмыстың бетін ашты. Анықталған залал мөлшері 4 жарым млн теңгені құрайды. Бұл мәліметтер экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде өткен брифнгте айтылды.

Инеш Шоқақова