Билік

Облыс әкімінің Ақжар ауданына жұмыс сапары

 

 

 

 

Ақжарқын ауылдық округіне қарасты “Лұқбанов” ЖШС егін себумен қатар биылдан асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысуды қолға алмақшы. Серіктестік жобаны мемлекеттің қолдауының арқасында бастамақ. Биыл шаруашылық 1000 бас ірі қара сатып алуды жоспарлапты. Өңір жетекшісі сондай-ақ «Агротехника Ақжар» ЖШС алқаптарындағы астықтың шығымын байқап, зиянкестерге қарсы дәрілеу жұмыстарымен танысты. Серік Біләлов диқандарға шөп шабу жұмыстарын уақытымен аяқтауды тапсырды.

 Жеңіс Ермұқанов