Қоғам

Гендерлік тәрбие туралы пікірталас

 

 

 

 

Пікір алмасуға өңіріміздің белсенді қыз-келіншектері  мен жастар жиылды. «Гендерлік тәрбие» тақырыбының  өзекті екендігіне бас қосуға келгендердің еш күмәны жоқ. Елдің болашағы жастар болғандықтан, осы мәселе жөніндегі кейінгі толқынның ойларын білу маңызды, дейді ұйымдастырушылар

Бақытжан Сәмиева, СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:
– Бүгінгі бірінші мәселе Қазақстанға гендерлік саясат керек пе, жоқ па. Сондай сұрақ барлығымыздың алдымызда  тұр.
Жастармен бірге болу керек. Оларды біз үйретуіміз  керек. Олар бізді үйрету керек. Бірге жұмыс істесек барлығы да жақсы болады.

Жастар «гендерлік тәрбие» жөнінде біраз ақпарат алды. Таңдалған тақырыпқа қызығушылық танытқан олар өз пікірлерін де білдіріп отырды.  

Жұлдыз Қасенова, “Әлем еріктілер орталығы” заңды тұлғалар ұйымының белсендісі:
– Бұл тақырып бізді қызықтырып отыр.
Себебі тақырып өте маңызды болып саналады. Гендерлік тәрбие біздің саясатымызға да байланысты.  

Іскер әйелдер қауымдастығы нәзік жандардың саяси сауатын ашуда біраз істер атқарған. Осы мақсатта кей аудандарға барып сабақтар да өткізген екен. Алдағы уақытта да бірқатар шаралар ұйымдастыруды көздеп отыр.

 Айдана Демесінова