Құқық қорғау органдары

Қаржы полицейлері жартыжылдықты қорытындылады

  

 

 

 

Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында қаржы полицейлері 217 қылмыс анықтаған. Оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында 52, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс пен жалған кәсіпкерлікпен айналысудың 162 фактісі  тіркеліп, қылмыстық істер қозғалған.

Қайрат Үмбетеев, СҚО бойынша ЭСЖКД бастығының орынбасары:
– Өндірістік істер бойынша анықталған залалдың сомасы 4 млрд. теңгеден астам. Оның ішіндегі 2 млрд теңге мемлекетке қайтарылды. Осы кезеңде сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында 52 қылмыс анықталды.

Департамент бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және ұрлау бойынша қылмыстарды анықтап, алдын алу шараларын жүргізуде. Сонымен қатар жалған кәсіпкерлікпен айналысу фактілері қатаң бақылауда. Сотта Исаков пен Бачуринге қатысты көпэпизодты қылмыстық іс қаралуда. Олар бірнеше жалған кәсіпорын тіркеп, салықтан жалтарып, мемлекетке 8 млрд. теңгенің залалын келтірген.

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша ЭСЖКД баспасөз хатшысы:
– Офистерін тінту барысында 43 кәсіпорынның құжаттары мен мөрлері табылған болатын. Бұған қоса, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында аталған тұлғаларға қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта бұл қылмыстық істер аяқталып, сотқа жолданған. Сыбайлас жемқорлықпен қатар бірқатар парақорлық фактілері де тіркелген. Биыл өңірімізде парақақорлықтың 7 фактісі әшкереленді. Олардың төртеуі пара алу, біреуі пара беру және 2 парақорлыққа делдал болу фактілері.

Инеш Шоқақова