Қылмыс

Цирктегі оқыс оқиға

 

 

Әзірге қыздың ата-анасы бұл жағдай жайлы сөз қозғаудан бас тартуда. Дегенмен олар цирк қызметкерлерінің әрекетіне байланысты полицияға арыз түсірген. Аталмыш факті бойынша техникалық және сот-медициналық сараптама  жүргізілмек. Қазіргі уақытта полицейлер барлық куәгерлерді сұрастыруды аяқтаған. Оқиғаның орын алуына цирк қызметкерлерінің қателігі себеп болды деген де болжам жоқ емес. Бұл “Мун анджел” чех циркінің Петропавлға алғаш келуі. Олар әлі 3 күн ғана өнер көрсетіп үлгеріпті. Бар қызық алдағы демалыс күндеріне жоспарланған. Цирк қызметкерлері аталмыш оқиғаға байланысты мүлдем өзге пікірде болып шықты.

 Арзу Сеидова, цирк қызметкері:
– Иә, мұндай жағдай болды. Бүлдіршін әткеншекте тербеліп отырып, құлап кетті. Қазір оның жағдайы жақсы.

Қазіргі уақытта бүлдіршін облыстық балалар ауруханасында ем қабылдауда. Дәрігерлер оның жағдайын орташа қалыпта деп бағалап отыр. Дегенмен нақты диагнозы әлі белгісіз.

Инеш Шоқақова