Білім

Оқытушылар мен оқушылар марапатталды

 

 

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқыту орталығында 61   топ бар. Олардың білімі тест тапсырмалары арқылы бағаланып тұрады. Қорытынды кеште мемлекеттік тілді  жоғары деңгейде меңгеріп үлгерген 15 қызметкер мақтау грамоталарына ие болды. Оқытушылар да назардан тыс қалмады. Сахнада көрініс қойған мемлекеттік қызметшілер «Қазақ» тобын құрған. Олар қазақ тілінде еркін сөйлейтіндіктен, облыс намысын түрлі республикалық байқауларда қорғап жүреді. Команданың болашаққа қойған мақсаттары да мығым екен.

Ханзада Тоқтарбаева, СҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы:
– “Қазақ” командасы әр мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен 5 кісіден құралған. Біз осы өткен жылы СҚО 1-ші орын алып, Астанаға конкурсқа қатысып, сыйлық алып келдік. Команданың мақсаты –  мемлекеттік тілді қызметте дамыту.  

«Тіл болашағы – ұлт болашағы» кеші ән-шашумен аяқталды.

Гүлден Сәрсенбаева