ТКШ

Апат салдары жойылуда

 

 

 

 
Үшінші қалалық аурухана жанындағы коллектордың істен шығуы апаттық қызметті де, тұрғындарды да абыржытып тастады. Кең құбыр бірнеше жерден жарылып, 108 үйге су беруді кезекпен тоқтатуға тура келді. Бүгінде қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған.

 Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:

 – Жаңа құбыр, 100 метр құбыр салып жатырмыз.

Апаттық жағдай кезінде үшінші қалалық аурухана ғимаратының жертөлесі суға толды. Уақытша жарық   беру тоқтатылды. Сондықтан науқастар шұғыл түрде өзге емдеу мекемелеріне көшірілген.

 Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:

 -Емделіп жатқандар басқа ауруханаларға ауыстырылды. Далада қалғандар жоқ. Қазір су шығарылып жатыр. Кейін дизенфекция жүргізіледі.

Облыс орталығындағы канализациялық жүйенің 60 пайызының пайдалану мерзімі аяқталған. Тозығы жеткен қондырғы, құбырды толық ауыстыруды қала бюджеті түгілі облыс қазынасы да көтере алмайды. Сондықтан үміт республикаға артылған. Ал қала басшылығы апаттың қақаған қыста емес, жаздың  мамыражай күндерінде орын алғанына шүкіршілік етіп отыр.

Әсем Рахметова