Мәдениет

Астана және Петропавл күні мерекесіне әзірлік

 

Облыс орталығында Елорда мен қала күндері таңғы сағат 10-нан бастап мерекеленеді. Айтулы шараның ашылу салтанаты облыс әкімі Серік Біләловтың қатысуымен М. Жұмабаев көшесінде өтеді. Петропавлдықтар мен алыстан ат терлетіп келген қонақтардың назарына концерт, байқау, спорттық сайыстар мен қолөнер шеберлерінің шығармашылық көрмелері ұсынылады.

Артур Молдағұлов, қала әкімінің орынбасары:
– Мереке қаламыздың алты нүктесінде, соның ішінде М.Жұмабаев көшесінде, орталық алаңда, демалыс саябағында, Бензострой кентінде, Жұмысшы поселкесінде, қалалық жағажайда тойланбақ. Осы аталған жерлерде жергілікті жұлдыздар өз өнерлерін ортаға салады.

Мереке кешкі “Жастар мемлекетімізді құттықтайды” жобасымен аяқталмақ. Оның аясында Қазақстанның  белгілі эстрадалық тобы “Үркер” де өнер көрсетеді.
Ауқымды шара “Қарасай” стадионында салтанатты түрде жабылмақ. Онда кешкі сағат он бірде қала тұрғындары отшашуды тамашалай алады. Солтүстікқазақстандықтар қос мерекені асыға күтуде.
 

-Маусымның 6-сы осы Петропавл қаласының, Президенттің туған күні болғандықтан, қала ортасында ғана емес, қала шеттерінде де концерт болуын күтеміз. Өте қуаныштымыз.
– Көшеге шығамыз. Астанаға барамыз, мүмкіндік туса.
-Ұнайды өте, көңіл көтереді. Жақсы дем алып қаламыз.

 
 Гүлден Сәрсенбаева