Билік

Жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді



126 пәтерлі жалға берілетін коммуналдық баспана мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында салынды. Жаңа аудандағы тоғыз қабатты үйді “Қазградсрой – НС” ЖШС тұрғызған. Қуаныш иелерін қоныс тоймен құттықтаған облыс әкімі Серік Біләлов елімізде азаматтарды сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамыз етуге үлкен көңіл бөлініп отырғандығын атап өтті.

Серік Біләлов,  СҚО әкімі:
– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында азаматтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударады. Бүгін Астана күні қарсаңында тағы бір тұрғын тапсырылып отыр.Барлық пәтер иелерін көптен күткен қуанышпен құттықтаймын. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жаңа үй қуанышқа толы, қоныс тойларыңыз құтты болсын.

Жаңа үйдегі пәтерлерге халықтың әлжуаз тобы – көпбалалы отбасылар, жетімдер, Ауған соғысы мен Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандар, мүгедектер ие болды. Сонымен қатар білім беру мен денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері де қоныс тойын тойламақ. Олар бұл қуанышты күнді көп жылдар бойы күтті.

Айнұр Айтымова, СҚО сот әкімшілігінің кеңсе меңгерушісі:
-Үй беріп жатыр. Өте қуаныштымын. Баламыз екеуіміз бақыттымыз. Кезекте ұзақ жылдар тұрдым. Көп жылдар пәтер жалдап тұруға тура келді.
Енді өз баспанамыз болады.

Қуаныш иелерінің бірі – интернационалист-жауынгер Валерий Долинин. Ол бүгін көптен күткен бір бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды. Ауған соғысының ардагері бұл баспананы жиырма жылдан артық күткен екен.

 Валерий Долинин, ауған соғысының ардагері:
– 1987 жылдан кезекте тұрдым. Енді міне биыл пәтер беріп жатыр. Қуанышымда шек жоқ. Пәтер ұнады. Үлкен, жарық. Айтар алғысым шексіз.

Облыста биыл 20 мың шаршы метрден артық тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін тағы сексен мың шаршы метрге жуық үйді халық игілігіне тапсыру көзделіп отыр.

Айымгүл Әбілева