Билік

Польша елшісі Петропавлға келді

 

 

 

 

Өңір басшысы құрметті қонақты СҚО әлеуметтік-экономикалық жағдаймен таныстырды. Соның ішінде астық өндіруден көш бастайтын өлкенің агроөнеркәсіп саласына көбірек тоқталды. Ауыр өнеркәсіптің даму үрдісі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндіру мәселесі мен құрылыс саласы да назардан тыс қалмады. СҚО-да жүзден аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Поляк қауымдастығы солардың арасында ең белсендісі болып табылады. Петропавлда поляк халқының «Коперник» мәдени орталығы да бар. Облыс әкімі Серік Біләлов елшінің біздің өңірге келуі қазақ және  поляк халықтары арасындағы қарым-қатынасты нығайта түседі деді.

Гүлден Сәрсенбаева