Бизнес және экономика

Антимонополиялық агенттік жартыжылдықты қорытындылады

 



 

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында монополияға қарсы агенттік өкілдері өз жұмыстарын қорытындылап, алдағы міндеттерін айқындады.

Зәуре Нұрмұқанова, “Қостанай және СҚО бойынша ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің өңіраралық инспекциясы” ММ бөлім бастығы:
-Екі жылдан бері бәсекелестік туралы жаңа заң өз күшіне енді. Ол құжатта біздің жұмысымызға қойылатын талаптар өзгерді. Мәселен, бұрындары біз 50-60 -қа жуық тауар нарығын зерттесек, қатал талаптарға байланысты қазіргі уақытта олардың санын азайтуға тура келді.

Бірақ бұл өзгерістер оң нәтиже беруде. Агенттік қызметкерлері ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарығын тексерген. Зерттеу барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.

Зәуре Нұрмұқанова, “Қостанай және СҚО бойынша ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігінің өңіраралық инспекциясы” ММ бөлім бастығы:
-Біз бір мемлекеттік мекеменің бәсекеге қарсы іс-әрекеттеріне байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Нәтижесінде оларға қатысты әкімшілік санкция белгіленуі мүмкін.  

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік ұйым қызметкерлерінің жалақысы өсті. Сондықтан тауар бағасының күрт қымбаттауы мүмкін. Монополияға қарсы агенттік қызметкерлері мұны болдырмау үшін үнемі қадағалау жұмыстарын жүргізбек.

Инеш Шоқақова