Билік

“Мемлекеттік тіл және БАҚ” байқауы

 

 

 

Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары облыстық байқауы журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында жарияланған. Өңір жетекшісі оңай емес сында озып шыққан қазақ тілінің жанашырларын құттықтап қаламдарының мұқалмауларын тіледі.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы. Мемлекеттік тілді дамытуға және ҚР тіл саясатын жүзеге асыруына қатысқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту тақырыбында қалам тербеген мерзімді басылымдардың  журналистері облыс әкімінің марапатына ие болды. Облыстық Солтүстік Қазақстан газетінің тілшісі Гүлгүл Төлешованың мақаласы ең үздік деп танылды.

Гүлгүл Төлешева:

– Серік Сұлтанғазыұлы,  БАҚ қызметкерлері атынан с мына біздің еңбегімізді елеп жатқаныңызға алғысымды білдіремін.

Ал үздік сатира аталымында Шал ақын ауданының һкілі, ақын Қойшыбай Шаниевтің туындылары ерекшеленді. Сондай-ақ жиында “Шырайлы аты елімнің, қасиетімде жерімнің»  атты оқушылар арасындағы облыстық шығармалар байқауында топ жарғандардың есімдері белгілі болды. Жалпы отансүйгіштікке үндейтін көркемсөз шеберлері сайысына өңіріміздің жалпыға бірдей білім беру ордаларының 8-11 сынып шәкірттері қатысыпты. Жұмыстар екі тілде қабылданды. Бас жүлде Әбу Досмұхаметов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат  оқушысы Айжан Қариеваға бұйырды. Ал орыс тіліндегі жұмыстарда «БЭСТ» гимназиясының оқушысы Асқар Жақсылықовтың жазған еңбегі үздік деп танылды. Жиын соңында жеңімпаздар облыс әкімімен естелікке суретке түсті.

Жеңіс Ермұқанов