ТКШ

Қала күніне әзірлік

 

Облыс орталығында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, күн санап Петропавл құлпырып келеді. Бірақ қаланы көріктендіру облыс орталығының коммуналдық қызметімен қатар, тұрғындарға да жүктелген ортақ міндет. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астана күні мен Петропавл қаласы  күні шілденің 6-да қатар тойланбақ. Сондықтан «Нұр Отан» ХДП өкілдері петропавлдықтарды қос мереке қарсаңында тазалық жұмыстарын жүргізуге шақырады.

Николай Черновол,  “Нұр Отан” ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Өз аулаларымызды қалыпқа келтіріп, үйлердің жанын көріктендіру жұмыстарын жүргізуіміз керек.Сонда ғана мерекені жайдары көңілде қарсы аламыз.

Қалалық мәслихат депутаттары да мереке қарсаңында сүйікті қаланы көріктендіруге шақырады.

Руслан Сыздықов, қалалық мәслихат хатшысы:
– Қаланы тазалықта сақтауымыз керек. Таза қалада өмір сүру әрбіріміз үшін үлкен мақтаныш деп ойлаймын.

Тұрғындар да игі бастаманы қолдап отыр. Олар қаланы абаттандыру жұмыстарын  өз ауламыздан бастаймыз дейді. Алғашқы мерекелік шаралар шілденің 2-нен басталмақ.

Инеш Шоқақова