Спорт

Депутаттар сайысы

 

Бұл жолы депутаттар қолдарына үйреншікті қалам-қағаз емес, кий алған. Осылайша әр деңгейдегі депуттаттар облыстық бильярд жарысында бас қосты. Қатысушылар мұндай жиындар әріптестермен танысып, жақсы қарым-қатынас орнату үшін зор мүмкіндік дейді.

Орынбасар Жауаров, Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты:
– Осындай шаралар жақсы. Депутаттар аудан-аудан бойынша кездесіп, танысып жүргені ойлаймын жақсы деп.

Мұндай іс-шараны облыстық мәслихат халық қалаулыларының арасында екінші жыл қатарынан ұйымдастырып отыр. Жарысқа үзбей қатысатындар да аз емес. Шал ақын аудандық мәслихатының депутаты Досан Садықов солардың бірі.

Досан Садықов, Шал ақын аудандық мәслихатының депутаты:
– Былтыр да қатысқанмын. 5-ші нәтижеге қол жеткіздім. Биыл енді қалай болатынын білмеймін. Бірақ қолымнан келгенін істейтін шығармын.

Бильярд, шахматпен қатар депутаттар теннистен де бақтарын сынап көрді. Барлығы 10 үміткер. Қатысушылардың ойынша бастысы жеңіс емес, бойда қан таратып, спортпен шұғылдану.

Бауыржан Оқасов, Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты:
– Мәселе қалай да болса жеңу емес, бұл бір мезгіл спортпен айналысып, аздап серпіліп, жалпы денсаулыққа пайдалы екенін халық түсінсін деген мақсатта. Спортпен айналысу керек шама келгенше.  

Дегенмен жарыс болған соң, жеңімпаздар да анықталатыны сөзсіз. Бильрдта Тимирязев аудандық мәслихатының депутаты Есімбай Коканов үздік деп танылса, шахмат пен теннис бойынша бірінші орынды қалалық мәслихаттың депутаттары иеленді.

Инеш Шоқақова