Құқық қорғау органдары

Үздік полиция инспекторы

 

 

 

 

Дмитрий Коппельдің жұмыс күні лездемеден басталады. Жоспар бойынша әріптестеріне тапсырма беріп, барлығы оны орындауға жұмыла кіріседі. Кешке таман жиналып, кезекті жұмыс күнін қорытындылайды. 39 жастағы учаскелік инспектордың қоғамдық тәртіпті сақтауда атқарып келе жатқан қажырлы еңбегіне биыл 19 жыл.

Дмитрий Коппель,  Петропавл қ. ІІБ полиция инспекторы:
Ішкі істер органдарына баруыма әкемнің милиционер болғаны әсер етті деп ойлаймын. Кішкентай кезімнен заңды бұзбай, әрдайым дұрыс бағытта жүріп тәрбиеленгендіктен тәртіп сақшысы қызметін таңдадым.

Өз ісіне тиянақты жанның ерең еңбегін бірге қызмет ететін әріптестері де жоғары бағалайды. Мәселен, Жақия Әбілевтің Дмитрий Коппельмен жұмыс істегеніне 3 жыл өткен. Осы уақыт аралығында әріптесінің кеңесіне жүгінгенде бетін қайтарған кез болмапты.

Жақия Әбілев, Петропавл қ. ІІБ полиция инспекторы:
–  2008 жылдан бастап 7-аумақтық полиция инспекторында учаскелік инспектор болып бірге жұмыс істеп жатырмыз. Ол кісі жұмысқа  тыңғылықты және аумақтұрғындары  арасында үлкен беделі бар. Бұл кісінің адамгершілігі мол және әр уақытта әр адамға болсын қандай да көмектер жасап тұрады.  

 7-аймақтық полиция пунктінің қарауындағы тұрғындар  да инспектордың қызметіне риза.

 Тұрғындар:
– Учаскелік полицейімізден кез келген мәселемен кеңес алып жатамыз. Әрдайым қол ұшын береді.
– Мен осы Мир көшесіндегі  229-шы үйде тұрамын. Сондықтан да әрдайым осы полиция пункті қызметкерлерінің көмегіне жүгінемін. Заңға, тіпті тұрмыстық жағдайға қатысты сауалдармен де келемін. Заңды білгендіктен, кеңесін беруге аянбайды. Барлығын түсінікті айтып береді.

Айдана Демесінова