Әр түрлі

Сенат сайлауына әзірлік

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер ретінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Самат Сапарбекұлы Ескендіров тіркелді. Кандидат СҚО, Қызылжар ауданы Бескөл ауылы Әбілқайыр хан көшесіндегі 1-үй мекен-жайында тұрады. Самат Ескендіров 1966 жылы туған, қазақ, “Нұр Отан” ХД партиясының мүшесі.

Ал маусымның 23-нде облыстық сайлау комиссиясының мүшелері сенаторлықтан үміткер тағы екі жерлесіміздің кандидатурасын  карап, тіркеді.  Олардың бірі – “Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы” Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің директоры Оразалин Есжан Қабиұлы, 1970 жылы туған, Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі 152 үй, 28-пәтерде тұрады, ұлты қазақ.  Екіншісі –  СҚО жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың алдын алу және және жою басқармасының бастығы Тәшенов Серік Серғалиұлы. Ол Петропавл қ., Ш.Уәлиханов көшесіндегі 44 үйдің 64-пәтерінде тұрады. қазақ, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі.

Гүлмира Шоқтыбаева