Әр түрлі

Отбасылық құндылықтар

 

 

 

Бүгінгі таңда тал бесіктен басталатын тәрбие мәселесі отбасының басты құндылығы болудан қалды десе қате айтқандық емес. Есесіне, ол қоғамда жиі көтерілетін басты мәселенің біріне айналды. Оны қозғаушылар негізінен нәзік жандар бастаған түрлі қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар.

Ботагөз Сәрсенбаева, «Іскер әйелдер» қауымдастығының мүшесі:
– Балаға жақсы тәрбие беру үшін толық отбасы болуы тиіс. Біздің ұйым мүгедек балаларды асырайтын, тұрмысы төмен аналарға көмектеседі. Мерекелерде сыйлықтар беріп тұрамыз. Бұл өте маңызды.

Бүгінде СҚО-да тіркелген 230 қоғамдық ұйымның 60-ын әйел адамдар басқарады. Солардың аса белсенділері «Отбасының мәртебесін арттыру және отбасылық құндылықтарды насихаттау шараларының жиынтығы» деп аталған жоба аясында түрлі іс-шаралар өткізіпті.

Ирина Гладышева, «Ақ ниет-Петропавловск» қоғамдық ұйымының мүшесі:
– Біз семинар, дөңгелек үстелдер өткіздік. Аудандық жерлерге шығып, үгіт-насихат жүргіздік. Ол жиындарға әр ұлттың, әр жастың адамдары қатысты. Әрине, пайдасы көп болды деп айта аламыз.

Бүгінгі баспасөз отырысында жоғарыда аталған жобаның қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ СҚО кәсіптік-педагогикалық және медицина колледжі студенттері арасында өткізілген «Сүйіктіңе хат» деп аталған конкурс жеңімпаздары марапатталды.

 Кәусар Аяпбергенқызы