Әр түрлі

Компартияның туған күні

 

 

 

Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы 2004 жылдың маусым айында құрылған болатын. Жиында партияның белсенді мүшелері осы уақыт ішінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларын талқылады.

Дәукен Темірбаев, ҚКХП СҚО филиалының бірінші хатшысы:
– Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесін қарастырдық. Мысалы Соколовка ауылында біздің ұсынысымыз бойынша су құбырлары қалпына келтірілді. Бұл ретте жергілікті биліктің жұмысын да атап өту керек.
Республика бойынша партия құрамында 81500 адам тіркелген,оның 5 385-і солтүстікқазақстандықтар. Қазіргі уақытта өңіріміздің 10 ауданында партияның филиалдары жұмыс істейді.

Валерий Шишкин, ҚКХП Қызылжар аудандық филиалының хатшысы:
– Партия құрамына зейнеткерлермен қатар жастар да енуде. Бұл жұмысымызға жаңа серпін береді дер едім.

Алдағы жоспарлар ауқымды. Партия белсенділері әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға көмек көрсетіп, білім беру жүйесін жақсартуға атсалысамыз деп отыр.

Инеш Шоқақова