Спорт

Жас баскетболшылар спартакиадасы

Бұл ойында үздіктерді анықтау үшін 3 ауданның баскетболшылары жиылды. Мамлют, Тайынша, Қызылжар ауданының қыздары жүлделі орынды қолдан бермеуге тырысуда.

Дарья Морожникова, жарысқа қатысушы, Мамлют ауданы:
– Мен баскетболды ұнатамын. Бұл ойын өмірде қажет болады деп ойлаймын. Қарсыластарымыз мықты болғанмен, біз жеңіске жетеміз деп сенемін.  

Қыздардың арасында мамлюттіктер үлкен басымдылықпен жеңімпаз деп танылса, ер балалардың ойын залында нағыз тартыс басталды. Өңір құрамасына ену мүмкіндігі үшін 9 команда күш сынасуда. Бұл ойында петропавлдық «Жеңіс» құрамасы үздік өнер көрсетті.

Роман Затолокин, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:
-Барлық командалар мықты, әсіресе, Мағжан Жұмабаев ауданының ойыншыларын жеңу қиынға соқты. Алда әлі бір ойын қалды. Біз бірінші орын аламыз деп ойлаймын.

Балалардың жеңіске деген ұмтылысы қуантарлық. Мұндай ойындар жасөспірімдердің спортқа бейімділігін арттырмақ дейді бапкерлер.

 Қайырлы Мұқанов, жаттықтырушы, №2 Бескөл орта мектебі:
– Бүгін өте қуаныштымыз.

Өйткені балалар бірінші рет қатысып отыр. Олар ойнап, көріп жатыр. Ендігіде одан да жақсы ойнаймыз деп ойлаймын.

Жарыс қорытындысы бойынша өңір құрамасы жасақталады. Олар республикалық спартакиадада облыс намысын қорғамақ.

Инеш Шоқақова