Қылмыс

Полицейлерге бағынбай, төбелес шығарғандардың үстерінен қылмыстық іс қозғалды

Кешкі уақытта кезекшілік атқарып жүрген тәртіп сақшылары «Восточный берег» дәмханасының маңында бір топ мас жас жігіттерді байқаған. Бұл жастар құжатарын көрсетуді және тексеру үшін көлікке баруды талап еткен полицейлерге қарсы шығып, күш жұмсапты. Тіпті сол жердегі қоршаудың ағаш таяқтарын суырып алып, қару қылған. «Сұңқар» мобильдік тобының қызметкерлері уақытылы көмек шақырып үлгерді. Оқиға орнына жеткен жол полициясы және Мемлекеттік күзет қызметі басқармасының экипаждары шабуыл жасағандарды құрықтады.

Сергей Погосский, СҚО ІІД қызметкері:
– Полиция қызметкерлерінің қан тамырларына зақым келтірілді. Онымен қоса “УАЗ” автокөлігінің есігі бұзылған.  

Ұсталғандардың айтуынша, олар сол күні Есіл өзені жағасында ішімдік ішкен.

Сергей Погосский, СҚО ІІД қызметкері:
– Полиция қызметкерлерінің қан тамырларына зақым келтірілді. Онымен қоса “УАЗ” автокөлігінің есігі бұзылған.  

Ұсталғандардың айтуынша, олар сол күні Есіл өзені жағасында ішімдік ішкен.

Сөйтіп қалаға барып отырыстарын жалғастырмақ болған. Күдіктілер тәртіп сақшыларына неліктен қарсылық көрсеткендерін түсіндіре алмай, кінәні бір-біріне, ішкен ішімдіктің салдарына сілтеуде. 19 бен 25 жас аралығындағы 4 күдікті қамауға алынды. Ал кәмелетке толмаған екі жеткіншек қолхатпен босатылды. Аталған факті бойынша «Билік өкіліне қарсы күш қолданды» деген айыппен қылмыстық кодекстің 321- бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды

Айдана Демесінова